«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаменті директорының орынбасары Ғанижан Асанұлының ұйымдастырған «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» жоғары деңгейде өтті. Жоғарғы сынып оқушылары ғаламтор желісінен видеороликті қарап,өз ойлары мен көзқарастарын білдірді. Мерекенің алдыға қойған мақсаты: Абай атамыздың адалдықты келешек ұрпаққа мұра еткендігі, еліміздің келешегі сол жастардың қолында және адал еңбектің жолында екендігі жақсы айтылып,алдыға қойылған міндеті жүзеге аса білді.
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Кейбір оқушылардың жазған көзқарастарына шолу жасасақ: Жанұзақов Арман : «Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады», Таирова Эвилина : « Адалдық қыз бала үшін ар-ұяты ғана емес,бүкіл өмірі мен тағдыры!»- деп жүйелі ой қалдырыпты. Тыңдаушылардың көзқарасын оқи отырып «Адалдық сағаты» жоғарғы сынып оқушыларына ар-ұятты жоғары ұстап, мектеп табалдырығынан бастап осы қасиетті өз бойында дамыта отырып, шыншыл өмірге шынығуына жол ашқандай болды.
Адалдық пен адамгершілік бастауында тұрған білім мен ғылымды және «Иманигүлді», «Толық адамды» насихаттайтын Абай ілімі! Себебі, "Абай ілімі" – адамгершілік, иман, ар-ұят туралы ғылым. Осындай қазақ зиялыларының еңбегін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған жалпыреспубликалық іс-шараға алғысымызды мектеп тарапынан білдіріп,жалғасын тапсын дегіміз келеді.
«Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тулеугазина Л.А.