22
октябрь
2025
Сынып жетекшілерімен ақпараттық-профилактикалық жиналыс

2025 жылғы 22 қазан күні КММ «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» акт залында оқушылардың қауіпсіздігін, соның ішінде тамақтану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық және профилактикалық жұмыс мәселелері бойынша сынып жетекшілерімен жиналыс өтті.
Жиналыс барысында оқушылардың белгісіз шыққан өнімдерді тұтынуының алдын алу және азық-түліктен улану жағдайларын болдырмау бойынша бірқатар маңызды шаралар қарастырылып, келесі тапсырмалар берілді:
1. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу:
• Белгісіз шыққан өнімдерді, әсіресе сертификатталмаған шетелдік тәттілерді тұтынудың қауіптілігіне арналған сынып сағаттары мен кезектен тыс ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру;
• Балалар мен ата-аналарға үйден әкелінген өнімдерден улану жағдайында мектептің жауапты еместігін түсіндіру.
2. Ата-аналарды ресми түрде хабардар ету:
• Ата-аналарға (күнделік, мессенджерлер, мектеп хабарландырулары арқылы) мына ақпаратты ресми түрде жеткізу:
o Мектепке кез келген азық-түлік өнімдерін әкелуге және тұтынуға қатаң тыйым салынады, тек:
бутилирленген су;
медициналық көрсетілім бойынша, анықтамамен расталған арнайы тағамдар ғана рұқсат етіледі.
3. Педагогтер тарапынан бақылауды күшейту:
• Мұғалімдерге үзіліс пен түскі ас кезінде оқушылардың не жеп жатқанын визуалды бақылаудың маңыздылығын еске салу;
• Егер күдік тудыратын немесе таңбаланбаған өнімдер анықталса:
o оларды бірден алып қою;
o ата-аналарды мектепке шақырып, түсіндіру жұмысын жүргізу